Philips HB945 Home Gym User Manual


 
Көрсеткіштегі L әріпі жоқ болады.

Philips инфрақызыл лампаларын (1100W) және ультра күлгін фильтірлерді тек Philips әкімшілік берген қызмет орталығында ғана
алмастырыңыз. Тек олар ғана осы жұмысты жасауға білікті және осы құралға арналаған бөлшектері де бар болады.
Инфроқызыл лампаларды жұмыс жасауын тоқтатқанда алмастырыңыз.
Ультракүлгін фильтірі сізді жағымсыз ультракүлгін сәулесіненен сақтайды. Сондықтан, зақымдалған немесе сынған фильтірді бірден
алмастырған өте маңызды.
Егер тоқ сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілігі берген қызмет орталығында
немесе соған тәрізді деңгейі бар маман ғана оларды ауыстыруы тиіс.

Сіз 3 пакеті бар хош иісті түйіршектер топтамасын түрінің нөмірі HB080 бойынша www.philips.com/shop арқылы немесе өзіңіздің
Innergize диллері арқылы ала аласыз.

Құралдың лампаларында қоршаған ортаға зақым келтіретін заттар бар. Лампаларды тастағанда, оларды күнделікті үй
қоқыстарымен бірге тастамаңыз, қайта оларды жинап алатын арнайы орынға тапсырыңыз.
Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды
арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 46).

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде бір мәселе болса, Philips’тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе
өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік
кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне
арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арзызданыңыз.

Халықаралық кепілдік шарттары бойынша, тотығу лампалары мен инфроқызыл лампаларға кепілдік берілмейді.

Бұл тармақта құрал туралы жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген. Егер сіз өз сұрағыңызға жауапты таппасаңыз, еліңіздегі Тұтынушылар
Қызмет Орталығымен байланысыңыз.
Сұрақ Жауап
Құрал неліктен жұмыс жасамайды? Шанышқы қабырғадағы розеткаға дұрыс кіргізілмеген болар. Шанышқыны қабырғадағы
розеткаға дұрыстап кіргізіңіз.
Мүмкін қуат берілмей тұрған болар. Қуаттың бар екендігін басқа құралды қосу арқылы
тексеріңіз.
Тотығу лампалары жалғастыру үшін тым қатты ыстық болуы мүмкін. Оларды алдымен 3 мнуттай
суытып алыңыз.
Қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныс құрал қатты қызып кеткендіктен оны автоматты
түрде сөндірген болар (мәселен желдеткіш тесікшелердің бірін орамал жауып қалған болар.
Құралды біраз суытып алып, содан соң оны қайтадан қосыңыз.
Лампа бөлігі дұрыс ұстанымында екендігін тексеріңіз. «Қолдануға дайындық» тармағын қараңыз.
Неліктен бақылау панелінің жоғарғы
жағы қолданып жатқанда қызып
кетеді?
Бақылау панелінің жоғарғы жағын лампалар қыздырып жіберді. Ол нормалы нәрсе.
Неліктен мен құралды қосқанымда
немесе қолданғанымда құрал
қосылған жүйе тежегіші қуатты кесіп
тастап отыр?
Құрал қосылған жүйе фазасы 16A стандартты тұйықтаумен қауіпсіздерленген немесе
қорытылған тежегіші бар автоматты жүйе болуы тиіс. Сонымен қатар, сіз осы жүйеге тым көп
құралдарды қосқан боларсыз.
Неліктен тотығу нәтижесі күткендей
жақсы емес?
Мүмкін сіз ұзартылған тоқ сымын қолданып тұрған боларсыз немесе ол тоқ сымында дұрыс
номиналды тоқ жоқ болар. Өзіңіздің диллеріңізбен кеңесіңіз. Біздің жалпы кеңесіміз, ұзартылған
тоқ сымын қолданбаңыз.
Мүмкін сіз өзіңіздің тері түріне сәйкес келмейтін тотығу сеансын таңдағын боларсыз. «Тотығу
сеанстары: қаншалықты жиі және қаншалықты ұзақ» тармағындағы кестені тексеріңіз.
Лампалар мен сіз жатқан беттің ара қашықтығы аталғаннан ұзағырақ болуына болады.
«Қолдануға дайындық» тармағын қараңыз.
Лампаларды ұзақ уақыт қолданған болсаңыз, онда тотығу мүмкіндігі азаяды. Бұл құбылыс тек
бірнеше жылдардан кейін ғана байқалады. Сіз бұл мәселені тотығу уақытын сәл ұзарту арқылы
немесе лампаларды алмастыру арқылы шеше аласыз. HB947/HB945 түрлері ғана: 750 жұмыс
сағатынан соң, көрсеткіште L пайда болып, сізге лампаларды алмастырған дұрыс болады деген
кеңес береді.
Тотығу нәтижесі сіздің теріңіздің түріне және қабылдап жатқан тотығу сеансына байланысты
болады. Алғашқы нәтиже тек бірнеше сеанстардан соң ғана көзге көрінеді.
-
-
-
,
,
 53